Әнші Бауыржан Исаев 2000 жылдары шығармашылығына әлдекімдердің ресми түрде тыйым салғанын жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
"ХАБАР" телеарнасындағы "Хабар LIKE" жобасына берген сұхбатында әнші көпшілік алдына шықпауының себебін осылай түсіндірді. Айтуынша, сахнаға шығуына тыйым салған адамдар бірнеше жыл бұрын дүниеден өткен.
"Негізі 2000 жылдары менің шығармашылығыма шектеу қойылған болатын ресми түрде. Ол кісілердің атын атамай-ақ қойсам да болады. Ол кісілер осыдан бірнеше жыл бұрын дүниеден озды. Сол кезде ресми түрде Бауыржан Исаевтың шығармашылығына шектеу қойылып, тыйым салынған. Бүкіл өңірлер мен облыстарға менімен жұмыс істеуді тоқтатуды бұйрық ретінде шығарған", – дейді әнші.
Мұнымен қоса, әншінің әндерін теларналар мен радиодан алып тастаған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.