Батыс Қазақстан облысында мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 73 жастағы зейнеткерге қатысты үкім шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сотталушы әйелін өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Іс материалдарындағы ақпаратқа сәйкес, зейнеткер алдымен жұбайын пәтерінде ұрып-соғып, оны жіппен тұншықтырып, кейін қолымен қылқындырған. Қарияның әйелімен отасқанына 48 жыл болған.
– Сот отырысында сотталушы қылмысын мойындап, өзінің іс-әрекетініне өкінетінін айтты, – деп атап өтті сотта.
Сотта мұндай мерзім оның жасына байланысты тағайындалғаны айтылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.