Интерполдың көмегімен 3 жасар бала Қазақстанға оралды

Бүлдіршінді анасының хабарынсыз бұрынғы жұбайы Түркияға Өзбекстан арқылы алып кеткен.

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен және Анталиядағы қазақстандық консулдықпен бірлесіп, 3 жасар баланы елге қайтарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Бүлдіршінді анасының хабарынсыз бұрынғы жұбайы Түркияға Өзбекстан арқылы алып кеткен. Одан кейін әйел полицияға жүгінген. 

ІІМ баспасөз қызметі қазіргі бала анасымен бірге Қазақстанда екенін мәлім етті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.