Желіде қайырымды ісімен танылған қара бетперде киген жұмбақ жігіт тағы бір отбасыға қуаныш сыйлады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол Мұрат есімді екі баланың әкесімен танысады. Мұраттың өзі де, әйелі де мүмкіндігі шектеулі жандар. Қазір жалдамалы пәтерде тұрып жатыр.
"Екі қызым бар. Мен өзім такси жүргіземін, көлікті жалға аламын. Менің бірінші топ мүгедектігім бар, жүре алмаймын. Әйелімнің де бірінші топ мүгедектігі бар, оның көрумен проблемасы бар. ...Үйді жалдап тұрамыз. Балаларыма жақсы тәрбие бере алсам екен деймін", - дейді Мұрат.
Жұмбақ жігіт ерлі-зайыптылардың еміне қаражат беріп, жаңа баспана мен көлік сыйлады.
"Сізбен танысқаныма қуаныштымын. Адал еңбек етіп жүрсіз. Бүгін Алла бізді сізге жіберді. Мына ақшаға әйеліңіз екеуіңіз ем ала аласыздар және Умраға бара аласыздар. Ал мына жерде сіздің баспанаңыз орналасқан. Мына көлік те сізге", - деді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.