Атырау облысында су айдау жұмыстары аяқталды

Ұзындығы 7 км бөгет нығайтылды.

22 мамыр күні Жалғансай ауылының кіреберіс автожолында салынған бөгет бұзылған болатын, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, нәтижесінде су елді мекенге қарай тараған. Қазір су шайған бөгет толығымен қалпына келтірілді. Бүгін тасқын суды айдау бойынша авариялық-құтқару жұмыстары аяқталды, жалпы саны 527 332 текше метр су сорылды. 

Ұзындығы 7 км бөгет нығайтылды. Қазір бөгетті қосымша нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.

Ал Құлсары қаласында авариялық-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Жылыой ауданының Құлсары қаласында авариялық-құтқару жұмыстары және су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. 

34 мың текше метрден астам тасқын су айдалды. Барлық кезеңде 6,3 млн текше метрден астам еріген су айдалды. Әскери бөлімдердің әскери қызметшілері үйлер мен көшелерді дезинфекциялау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.