Бүгін Жайық өзеніндегі су деңгейі Атырау қаласында 6 метрге жетті. Бірақ бұл әлі шарықтау шегі емес, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Руслан Шариевтің айтуынша, соңғы күндері Жайық өзенінің суы Махамбет ауданында шарықтау шегіне жеткен.
«Ал Атырау қаласында Жайық өзеніндегі су деңгейі 6 метрге дейін көтеріліп тұр. Мол су әлі келіп жатыр. Су тасқыны Махамбет ауданынан бері аққан су Жайық өзенінің Атырау қаласына дейінгі бөлігін толтырып, Соколок және Сарыөзек каналдарына да құйылып жатыр. Қазір су каналдардың арнасына сыймай тұр. Әзірге Атырау қаласында су тасқыны басталатын уақытты нақты болжай алмаймыз», – деді Руслан Шариев.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.