«Қазгидрометтің» хабарлауынша, еліміздің басым бөлігі әлі де антициклон ықпалында болғандықтан, көбінесе, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстігі мен шығысында, фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді, солтүстікте және шығыста бұрқасын күтіледі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.