Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews басылымындағы мақаласында Қазақстан сынды елдерді жаңа күшпен әрекет етіп, әлемдік аренада қатысушы ғана емес, жауапты менеджерлер рөлін де күшейтуге шақырды, – деп хабарлады Aikyn.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Мақала 28 мамырда басылым сайтында "Орта державалар мультилатерализмді құтқара алады" деген тақырыппен жарияланған (көпжақтылық- әркімге серіктестермен қарым-қатынаста артықшылықтарды пайдалануға мүмкіндік беретін көпжақты келісімдерде мемлекеттер арасындағы қатынастарды құру).
Тоқаев Қазақстан әрқашан көпжақтылықты ұстанғанын және халықаралық диалог пен бірлескен іс-қимыл үшін жаңа платформаларды үнемі іздестіретінін атап өтті.
Қазақстан Президенті мақаласының толық нұсқасы мына сілтемеде жарияланған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.