Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 90%-ға толды

Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 98,4%-ға толы. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді.

Елімізде Атырау облысынан басқа барлық өңірлерде су тасқыны аяқталды. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі – 600 см, Атырау облысының Махамбет ауылында – 1020 см. «Қазсушардың» жергілікті филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 90% толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 98,4% толы. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100% толы. Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 89,8%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 78% толды. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істейді.

Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99,2% толы. Олардың барлығы штаттық кесте аясында жұмыс істейді.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 91%. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді.

Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.