Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Мұхамедсабыр Базарбайұлы Таиландта өтіп жатқан іріктеу турнирінің келесі айналымына өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 63,5 келіде жолдамаға таласып жатқан ол италиялық Джанлуиджи Малангамен кездесті. Кездесу аса тартысты өтіп, төрешілер шешімімен Базарбайұлы жеңіске жетті. Осылайша, ол Олимпиада квотасына бір қадам жақындады.
Айта кетелік, Қазақстан ерлер командасында бір салмақта Олимпиада жолдамасы жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.