Елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» синоптиктері 31 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бүгін еліміздің он үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Ұлытау облысында найзағай күтіледі. Жезқазған қаласында 31 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман. Қарағанды қаласында 31 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі бар, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі бар, облыстың батысында (Жәнібек ауданының батыс бөлігінде) төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында 31 мамырда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Жетісу облысының Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында найзағай жарқылдайды. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік жүреді. Петропавл қаласында 31 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік болады.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының шығысында төтенше өрт қаупі бар, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 31 мамырда жоғары өрт қауіпі болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік жүреді. Көкшетау қаласында 31 мамырда түнде және таңертең тұман түседі. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.