Сенат пен мәслихат депутаттары арасында тығыз жұмыс орнатылды

Мұндай тәсіл ашықтық және ортақ мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылу қағидаттарына негізделген.

Мәулен Әшімбаевтың жөнге салынған  жұмысының арқасында ҚР Парламенті Сенаты мен мәслихат депутаттары арасында тығыз жұмыс орнатылды. Жыл бойы Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары комитеттердің отырыстарына және басқа да жұмыс топтарына қатысу мүмкіндігіне ие. Мұндай тәсіл ашықтық және ортақ мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылу қағидаттарына негізделген.

Биылғы жылдың 29 мамырында Қазақстан  Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетімен ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР Бас прокуратурасының, ҚР Ұлттық экономика, Көлік, Ауыл шаруашылығы, Қаржы министрліктерінің қатысуымен Астана қаласында «Кедендік әкімшілендірудің проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізді, онда Павлодар облысынан Павлодар облыстық  мәслихатының төрағасы Илья Сергеевич Теренченко өкілдік етті.

Биылғы жылдың 30 мамырында ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары салаларындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылау бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша, қатысушылар кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мәселелері бойынша бес министрлікке бірқатар ұсыным  берді, сондай-ақ мемлекеттік органдарды, сарапшылар қауымдастығы мен жұртшылықты қоса алғанда, барлық мүдделі тараптардың пікірлерін ескере отырып, бюджет қаражатын жауапты пайдалану бойынша ұсынымдар әзірленді.