Алматыда бірнеше пәтерді тонаған күдіктілер ұсталды

Олардың кем дегенде төрт пәтер тонауға қатысы бар екенін анықталды.

Алматы қаласы криминалдық полициясы пәтер тонаумен айналысқан екі күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Polisia.kz мәліметінше, Түркістан және Қызылорда облыстарынан келген екі адам бірнеше пәтерді тонау ісіне қатысқан. Криминалдық полиция тергеу барысында олардың кем дегенде төрт пәтер тонауына қатысы бар екенін анықтады.

– Арнайы іс-шараны криминалдық полиция қызметкерлері полицияның арнайы жасақтарының көмегімен жүргізді. Күдіктілер «Құлагер» шағын ауданындағы үйлердің біріндегі пәтерден шыға берісте ұсталды, олар бөтен адамның жиған-тергені мен алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Екі күдікті де қамауға алынды. Олардың жеке басы басқа да ықтимал қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.