Ұлттық банк теңгені қорғау үшін базалық мөлшерлемені 12 процентке өсірді

Ұлттық банк теңгені қорғау үшін базалық мөлшерлемені 12 процентке өсірді

Ұлттық банк төрағасы базалық мөлшерлемені 12 процентке өсіргенін Үкімет отырысында мәлімдеді. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев: «9 наурызда Мемлекет басшысының тапсырмасымен үкімет пен Ұлттық банк әлемдік мұнай нарығындағы ахуал және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары туралы бірлескен үндеу жасады», – деді. «Сыртқы сектордағы қауіптің жоғарылауы жағдайында баға тұрақтылығын сақтап, теңгенің айырбастау бағамын қорғау қажет. Сондықтан Ұлттық банк кезектен тыс отырыста базалық мөлшерлемені биылғы 10 наурыздан бастап +/- 1,5 проценттік пунктпен 12 процентке дейін өсіруге шешім қабылдады», – деді ол. Ол базалық мөлшерлеменің өсуі қаржылық тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді деп түсіндірді.