Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға 5 маусым күні Ақтөбе-Орск тасжолында болған.

Ақтөбе облысында жүргізуші полицейлердің ескертуіне құлақ аспай, ірі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Aikyn.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

5 маусым күні Ақтөбе-Орск тасжолында Қарғалы ауданы, Ащылысай ауылы маңында жол апаты болды. Toyota Alphard көлігі аударылып қалған. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді.

"Көлік жүргізушісі Ақтөбеден Орск қаласына (Ресей) ресми түрде жолаушылар тасымалдаумен айналысқан. Жол-көлік оқиғасынан бірнеше сағат бұрын полицейлер жүргізушімен жол-көлік оқиғасының алдын алу жөнінде сөйлескен, бірақ соған қарамастан жүргізуші полицейлердің кеңесін елемей, адам өліміне әкелетін жол апатына ұшыраған", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.