"Қатыныңыз сыйласа, сүйеді": Желіде тараған видео қызу талқыға түсті

Видеода ер адамның әйелі оның аяғына массаж жасап, соңында табанын сүйеді.

Желі қолданушының түсірген бейнежазбасы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлады Aikyn.kz.

Отбасындағы оқиғаның барысын ер адамның өзі камераға түсірген.

«Осылай массаж жасап боласыздар, соңында бір бонус былай, поцелуй», - дейді әйелі.

Бұған ырза болған ер адам видеоны еліміздегі барлық ер адамға арнаған.

«Әйелдеріңіз бен жандарыңызға, қатындарыңызға жіберіңіздер. Милары сынатын сияқты ғой. «Құдай сақтасын, мен олай жасамаймын» дейтіндер болады арасында. Қолдайтындар болады. «Жарайсың, осылай істеу керек» деп. Ал, көрейік, кім мықты екен? Жіберіңіздер қатындарыңызға. Қатындарыңыз сыйласа, массаж жасап, сүйеді», - деген автор.

Желіде бұл видеоға қатысты әр түрлі пікір жазылған:

«Сыйластық – бұл аяқты сүю емес. Егер ол қатты құрметтесе, жабық киім киген дұрыс», «әйелін өзі қорлады, егер сіздің әпкеңіз біреудің аяғын осылай сүйсе, не сезінер едіңіз», «қандай жиіркенішті», - деп жазды көпшілік.