"Темір емес, шын тұлпар": Айшолпан Тілеутайға жерлестері ерекше сыйлық тарту етті

Өнер иесі тұлпарды табыстап жатқан сәттен сурет жариялап, жерлестеріне алғысын айтты.

Отандық танымал айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай туған өңірі Шығыс Қазақстанға барып, жергілікті халықтың ыстық ықыласына бөленді. ШҚО тұрғындары өнер иесін ерекше сыймен күтіп алған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айшолпан Тілеутайдың жерлес ағалары оны жылы қарсы алып, оған тұлпар мінгізген. Бұл туралы айтыскер арудың өзі Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Өнер иесі тұлпарды табыстап жатқан сәттен сурет жариялап, жерлестеріне алғысын айтты.

"Қазақтың қазақтығы қанында, мінезінде болады. Ал адамның адамдығы - жүрегінде. Туған елге сағынышпен келгенде ағалық мейіріммен кең құшағын жайып қарсы алған ағаларыма мың алғыс! Дарқан көңілді, жарқын жүзді Арман ағам темір емес, шын тұлпар мінгізді! Күн жылытпас қара тасты көңіл ғана жылытады, сөз өтпеген қатынасты ақ пейіл ғана жақындатады. Ақпақ та, кең пейілдеріңнен айналдым, ағалар! Қымызы балдай Саржал жасай берсін", - деп жазды Айшолпан Тілеутай. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.