25 жыл бұрын қылмыс жасаған күдікті Грозныйдан табылды

55 жастағы ер адам Ресейдің Грозный қаласынан табылды.

Павлодарлық полицейлер ширек ғасыр бұрын қарақшылық жасаған күдіктінің тұрған жерін анықтады. 55 жастағы ер адам Ресейдің Грозный қаласынан табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Криминалдық полиция қызметкерлері ресейлік әріптестерімен бірге Ресей Федерациясының Грозный қаласында тұратын 55 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті 1998 жылдың тамызында Павлодар қаласында тапаншамен және балтамен қаруланып, екі ағайындыға шабуыл жасаған. Соңынан Ниссан маркалы екі көлікті иемденген. Қылмыс жасағаннан кейін қашып кеткен», - деп мәлімдеді департаменттен.

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.