Ұлттық кітап күні қашан атап өтіледі?

Бұл жайлы вице-премьер Серік Жұманғарин депутаттарға берген жауабында жазды.

Қазіргі кезде Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық кітап күнін атаулы күндер тізбесіне енгізу бойынша ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі, -  деп жазады Aikyn.kz.

Депутаттың мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес,  оны бекіту жұмыстары іске асырылып жатыр.

Ал Үкіметтің хабарлауынша, 2021-2025 жылдарға арналған шағын қалалардағы, аудан орталықтарындағы және ауылдардағы 5 000 мектепті жаңғыртудың Жол картасы шеңберінде 2 577  мектеп кітапханасы жаңартылған.

Аталған Жол картасының аясында 2024 жылдың аяғына дейін 670 мектеп кітапханасы жаңғыртылады.

Мемлекет басшысының бастамасымен 2022 жылдан бастап «24 қазан – Кітапханашылар күні» деп бекітіліп, мереке қарсаңында кітапхана саласының дамуына айрықша үлес қосқан 179 кітапхана қызметкерлері «Мәдениет саласының үздігі» және «Еңбек ардагері» төсбелгілерімен, «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хаттармен» марапатталған.