Мейіржан Төребаев колонияға қайта оралды

Анасының сырқатына байланысты қысқамерзімді демалыс берілген.

Қаржы пирамидасы ісі бойынша 5 жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев Павлодардағы колонияға оралды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

"27 мамырда ол түрмеге оралды және қазір мекемеде жазасын өтеп жатыр", - деп хабарлады Павлодар облыстық ҚАЖД. 

Бұған дейін блогердің жұбайы Дана Есеева Мейіржанның демалысқа келгенін айтқан болатын. Облыстық Полиция департаменті вайнерге анасының сырқатына байланысты қысқамерзімді демалыс берілгенін хабарлады. 

Айта кетейік, 2022 жылдың ақпан айында блогер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасы бойынша айыпталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.