Қазіргі уақытта құтқарушылар су астынан жігіттің мүрдесін іздеп жатыр. Ол өзеннің арнайы жабдықталмаған тұсында суға түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«10 маусым күні сағат 14.30-да Ертіс өзенінің Павлодар қаласы Кенжекөл кенті маңында ер адам суға батып кетті. Ол шомылуға арнайы жабдықталмаған жерде суға түскен. Жас жігіт 1999 жылы туған», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінен.
Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушыларының күшімен іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.