Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиді құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модиді Үндістан Республикасының Премьер-министрі болып қайта сайлануымен құттықтады.

Мемлекет басшысы осын­дай аса жоғары лауазымға қайта сайлану Нарендра Модидің кө­реген саясатына деген Үнді­стан халқының берік сенімі мен қолдауының дәлелі екенін атап өтті.

– Сіздің дана басшылы­ғыңыз­бен Үндістан эко­но­ми­­ка­сы ең жылдам дамып келе жат­қан елдердің бірі ретінде өзі­нің таңғаларлық жолын жал­ғастырып, жаңа жетістіктерге же­тетініне сенімдімін. Қазақ­стан Үндістанмен арадағы ұзақ жылғы стратегиялық серік­тес­тік­ті жоғары бағалайды. Екі ел ынтымақтастығы халық­та­ры­мыз­дың берік достығына, ортақ құндылықтарға және тығыз қа­рым-қатынасқа негізделген, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев На­рендра Модидің барлық игі бас­тамасына табыс, ал достас Үнді­стан халқына бақ-береке тіледі.