Бишімбаев пен Байжанов ісі апелляциялық сотқа түсті

Соттың нақты қай күні өтетіні белгісіз.

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов ісі апелляциялық сотқа түсті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Ақпарат сот кабинетінде пайда болды.

Соттың нақты қай күні өтетіні белгісіз.

"Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі апелляциялық сатыдағы сотқа түсті", – деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұрынғы министрге әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылған. Соттың үкімімен Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.