Reuters-тің хабарлауынша, коронавирусқа байланысты Италия түрмелерінде қақтығыс болып жатыр, – деп жазады Tengrinews.kz. Дереккөздің жазуынша, түрмедегілерге жақындарымен кездесуге тыйым салынған соң, сотталушылар наразылық білдіре бастаған. Сондай-ақ, Италияның бірнеше қаласындағы түрмелерде де жаппай тәртіпсіздік болып жатқаны айтылады. Сотталушылар түрмеден қашып кетпекші болған. Осылайша, олар коронавирустың жаңа түрінің таралуына байланысты амнистия қабылдауын сұрайды. Басылымның мәліметінше, наразылық шаралары кезінде 7 адам қаза тауып, 18 адам жарақат алған. Айта кетейік, Италияда жергілікті билік коронавирустың өршуіне байланысты тұрғындарға көшеге, қоғамдық орындарға шықпауға кеңес беріп отыр.