Жаңа мешіттің ашылу салтанаты қайғылы оқиғамен аяқталды

Спортшылар мінген жүк көлігі өзге жүк көлігімен соғысып, 3 адам қаза тапты.

Қарағанды-Балқаш тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. Жеңіспен оралған 3 көкпаршы қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы ZTB хабарлады.

Спортшылар мінген жүк көлігі өзге жүк көлігімен соғысып, 3 адам қаза тапты.

«Қарағанды облысындағы Қарғалы ауылында жаңа мешіттің ашылу құрметіне ұйымдастырылған көкпар жарысынан жеңіспен қайтып келе жатқан спортшылар жол апатына ұшырады. Меркі көкпар командасының спортшылары Қарқаралыда өткен республикалық көкпар турнирінен соң жолға шыққан», – делінген ақпаратта.

Екі спортшы реанимацияда жатыр. Спортшылармен бірге келе жатқан жылқылардың барлығы өлді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.