«Талқандап кетті»: Мақпал Жүнісова тозығы жеткен төрт қабатты үйін көрсетті

Өнер иесі үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында тозығы жеткен үйін көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Өнер иесі үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Қайырлы таң, оқырмандарым! Бұрын үйім өзіме жақсы сияқты көрінетін. Бәрін ашып қарасақ, астының бәрі шіріген. Беті ғана жылтырап тұр екен ғой. Үстінгі қабаттағы дәретхананың құбырлары жарылып, су кетті. Темір де тозады деген осы екен ғой. Жігіттер талқандап кетті. Дұрыс қой. Алла сабыр берсін. Мынаның бәрі орнына келгенше ұйқы жоқ қой", – дейді әнші.

«Амандық болсын. Алла қаласа күшті жөндеуден өткен үйде рахаттанып отырасыз», «Неше жыл бұл үйде тұрдыңыз, неге шетінен жаңарта бермегенсіз?», «4 қабаттың бәрін қайтесіз, сіңлім, оны күтіп ұстау оңай емес қой», «Сол үйді бұзып тастауға болмай ма?», «Көңілден шығатындай жөндеу болсын», «Сәттілік», «Үйіңіз тезірек қалпына келсін» деп жазды желі қолданушылары. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.