Тұрғын үй саясаты реформаланады

Мәжіліс Спикері Ерлан Қоша­новтың төрағалығымен жалпы оты­рыс өтті.

Онда депутаттар кө­лікті дамы­туға және көлік сала­сындағы мемле­кеттік бақылауды қамтамасыз етуге бөлінген бюд­жет қаражатын пайда­ланудың тиімділігі туралы Жоғары ау­диторлық палатаның есебін тал­қылап, тұрғын үй сая­сатын рефор­ма­­лау туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Сондай-ақ Қазақстан мен Сингапур арасын­дағы көрсе­тілетін қызмет­тер сау­дасы және ин­вестициялар туралы келісімді ратификация­лады.

Жаңа Конституциялық реформаға сәй­кес,  Жоғары аудиторлық палата өзек­ті мәселелер бойынша жылына екі рет Мәжіліске есеп береді. Бүгін депу­тат­тар палатаның көлікті дамытуға және көлік саласындағы мемлекеттік бақы­лауды қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиім­­ділігі туралы есебін талқылады. Бұ­­ған дейін Мемлекет басшысы Қазақ­станды Еуразияның толыққанды кө­лік-логис­тикалық және транзиттік ха­бы­на айнал­дыру туралы стратегиялық мін­детін қой­ған болатын. 

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов 23 объектіде 3 трлн тең­гені қамтитын аудит жүргізіліп, нәтижесінде 29 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 168 млрд теңге бюджет қара­жатының тиімсіз жоспарланғаны және тиімсіз пайдаланғаны анықтал­ғанын айтты. Экономикалық шығын­дар мен жіберіп алған пайда 307 млрд теңгені құраған.

«Соңғы төрт жылда теміржол сала­сын дамытуға шамамен 2 трлн теңге, соның ішінде бюджет қаражаты есе­бі­нен 332 млрд теңге жұмсалды. Қомақты қаражат бөлінгеніне қара­мастан, ол экономика­ның жүктер мен жолаушы­ларды тасы­мал­дау қажет­тілігін үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету үшін жет­кіліксіз болып шықты. Соның салдары­нан теміржол желілері, локомотивтер, вагондар әбден тозған», – деді Ә.Смайы­лов.

Жоғары аудиторлық палата төрағасы автожол саласындағы аудит нәтижелері де алаңдатарлық екенін атап өтті. Авто­мобиль жолдарын салуға, реконструк­циялауға және күтіп ұстауға соңғы төрт жылда барлығы 1,9 трлн теңге бөлінген.

«Автомобиль жолдарының бұзыл­уына әкелетін негізгі факторлар – рұқ­сат етілген массадан асатын ауыр сал­мақты көлік құралдарының жүруі. Автомат­тандырылған өлшеу станса­лары орын алған бұзушылықтарды толық көлемде дұрыс рәсімдеп отырған жоқ. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жол­дарда ауыр салмақты көліктердің жү­руіне қатаң тыйым салу керек. Сон­дай-ақ мемлекетке келтірілген залал үшін жауаптылықты кү­шейту қажет», – деді Ә.Смайылов.

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов қосымша баянда­ма­сында «Қазақстан темір жолы» АҚ ком­паниялар тобының қарызы 10 жыл­да 928 млрд теңгеден 2,9 трлн теңгеге дейін немесе 212,7 пайызға ұлғайғанын айтты.

«Акционерлік қоғамның 2014-2023 жылдардағы валюталық қарыздары бойынша бағамдық айырмадан келген залалы 765 млрд теңгені құрады. Табысы мен өзге де кірістері 881,3 млрд теңгеден 1,9 трлн теңгеге дейін ұлғайған. Осы кезең­де 283,4 млрд теңге көлемінде мем­лекеттік субсидия алынған. Бұған қара­мас­тан, 2014-2023 жылдардағы қызметі­нің нәтижесінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының өтімділігі 117 пайыздан 53 пайызға дейін төмендеген. Акционерлік қоғамға қаржылық және басқарушылық жаң­ғырту қажет екені анық», – деді Н.Са­бильянов.

Талқылаудан кейін Мәжіліс Жоғары аудиторлық палатаның есебін назарға алып, Үкімет пен Көлік министрлігіне және «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамына ұсыныстарын берді. Оның ішінде қарыз жүктемесін азайту шараларын қабылдау, теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік бақы­лауды күшейту, тасымалдаушының жаңғырту бойынша міндеттемелерін белгілеу, активтерді реконструкциялау және жаңарту, конкурстар өткізу процестерін цифрландыру арқылы әлеу­меттік маңызы бар теміржол тасы­мал­дарын мемлекеттік қолдау шара­ларын бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету, жеке инвестициялар арқылы ма­гис­трал­ды темiржол желiлерiн дамыту үшiн жағдай жасау, салмақ өлшемдері артып кеткен ауыр салмақты автокөлік құ­ралдарын автомобиль жолдарына жібер­меу шаралары жүктеледі.

Сондай-ақ депутаттар тұрғын үй сая­­сатын реформалау мәселелері бо­йынша заңды екінші оқылымда қабыл­дады. Жұмыс тобының жетекшісі Ұлық­бек Тұма­шинов заңды Мемлекет бас­шы­сының азаматтарды қолжетімді баспана­мен қамтамасыз ету мәселесін шешу туралы тапсырмасын орындау мақса­тымен Үкімет әзірлегенін айтты.

Депутат Ұлықбек Тұ­ма­­­­шиновтың айтуынша, жаңа заңға «сатып алу құқығынсыз» азаматтарға жал­­ға берілген тұрғын үйлерді – енді «жекешелендіру құқығын беру» туралы ұсыныс енгізілді.

– Бүгінде сатып алу құқығынсыз бе­­­рілетін тұрғын үйлер халықтың әлеу­меттік осал топтарына ғана берілетіні белгілі. Бұл азаматтарға жалға берілетін баспа­­­наны жекеменшік ретінде қалдық құ­­нымен алуға мүмкіндік береді. Мұндай жаңа жекешелендіру құқығын – барлық өңірде 51 мың халықтың әлеуметтік осал топтарының азаматтары пайдалана алады. Яғни, жаңа заң 51 мың отбасына арендалық баспананы «қалдық құнымен» сатып алуға мүмкіндік береді, – дейді Ұлықбек Тұмашинов.

Депутат арендалық үйде тұрып жат­қан әлеуметтік осал топтағы азаматтардан түрлі хат келетінін, сол хаттардағы өті­­ніштерді ескеріп, арендалық үйлерді жекешелендіру құқығын беру керегін, егер азаматтардың арендадан жекеше­лендіргісі келмесе немесе қалдық құнын сатып алуға ақшасы болмаса, арендалық негізде де тұра беруіне болатынын, тіпті ары қарай ол үйде оның баласы тұра бе­ретінін, оны ешкім шығарып таста­­­­май­тынын айтты. 

Заң жобасындағы ұсынысқа сәйкес, алдағы уақытта Отбасы банкі толыққанды даму институтына айналады. Енді тұрғын үйге мұқтаж және Отбасы банкінде тір­келген азаматтар туралы мәліметтерді қамтитын «Тұрғын үймен қамту орта­лығы» жаңа электронды мәліметтер база­сын құру қөзделіп отыр. Жаңа заңға сәйкес, жергілікті атқарушы органдардан тұрғын үйді тіркеу, есепке алу және бөлуді Отбасы банкінің құзыретіне беру ұсы­нылды.

– Отбасы банкі екінші деңгейдегі банктер жүйесінде және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінде сақ­­талып қалды. Сондай-ақ Отбасы бан­кінің қызметін лицензиялау да сақ­тала­тын болады. Үкіметтің оң қоры­тындысы бар. Бүгінде ​​«Отбасы Банкі» АҚ салым­­шы­­ларының жалпы саны шамамен 2,7 млн адам. Биыл ақпан айындағы көр­сеткішке сәйкес, банктің несие портфелі – 3 200 млрд теңге, – деді. Ұ. Шаб­данұлы.

Депутат ұсынған мәліметтерге сәй­кес, елімізде 2017 жылдан бері респуб­ликалық бюджеттен қайтарымсыз негізде жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 418 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген және өңірлерде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 51 мың пәтер салынған.

– «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң­ның 13-бабының 8-тармағы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрып жатқан үйлерді 11 санатқа «меншігіне өтеу­сіз алуға» қолданыстағы құқық сақ­тал­ды. Оған қоса, жалғыз баспанасы «апат­­­ты тұрғын үй» деп танылған үйдің орнына берілген тұрғын үйге жеке­ше­лендіру құқығын беру енгізіліп отыр. Ол қолдау тапты. Бұл ұсыныс 1 600-ден астам азаматтың мәселесін шешуге бағытталған. Ал апатты жағдайдағы 3 700 баспананың бәріне үй беріледі және жекешелендіру құқығы бар. Бұл жұмыс негізінен қайта жаңғырту бағдар­ламасының аясында жер­­гілікті әкімдіктер арқылы жүреді, яғни цифрлар өзгеріп отырады, – деді депутат.

Заң жобасындағы тағы бір жаңа­­лық – мемлекеттің тұрғын үй қорынан ұйымдардың қызметкерлеріне берілген қызметтік баспананы жекешелендіру құқығын беру туралы норма. Бұл норма 10 жылдан астам еңбек еткендердің бәріне қызметтік баспана беріледі дегенді білдірмейді. Сәйкесінше, мемлекет берген қызметтік баспанада 10 жылдан артық тұрған азаматтарға жекешелендіру құқығы беріледі. Заң бойынша мұнда да «қалдық құны» принципі қолданылады.

Қазір елімізде ресми ақпарат көз­­­­деріндегі дерек бойынша, баспана ке­­зегінде 650 мың адам тұр. Депутаттың ай­­­туынша, «Баспанамен қамту орталығы» құрылғаннан кейін осы 650 мың адамның бәрін қайтадан тексеріп, қарайды. Оның ішінде шетелге кетіп қалғандар, үй алған­­дар бар. Кезекті қайта қарау заң­бұзу­­шылықтарды болдырмау үшін қажет. Әр адам кезегін Отбасы банк платфор­ма­­лары арқылы онлайн көріп отырады, яғни заңбұзушылық болмайды. Оның бәрі ашық жарияланады.

– Заң жобасы бойынша 557 ұсыныс енгізілді. Жұмыс тобының 32 отырысы, комитеттің кеңейтілген отырыстары өт­кізілді. Жекелеген нормаларды нақ­ты­лайтын және заң жобасының маз­мұнын жақсартатын түзетулер енгізілді, – деді депутат.

«Отбасы Банкі» АҚ ұлттық даму ин­ститутына айналып, тұрғын үйді орна­лас­тыру, есепке алу және бөлу функция­лары жергілікті атқарушы органдардан осы институтқа беріледі. Екінші оқы­лым­ға дайындау барысында депутаттар «Отбасы банкінің» екінші деңгейдегі банктер жүйесінде және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінде сақ­талуына бағытталған түзетулер енгізді. Сондай-ақ банк қызметін лицензиялау жалғаса береді.  

Жаңа заңда халықтың әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған топтарының төрт санаты үшін мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алудың басым құқығы сақталады. Тізімге мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер енгізіледі. «Жесірлер» санаты жеке тәуелсіз санатқа бөлінеді. Түзетулер асыраушысынан айырылғандардың мүдделерін қорғау үшін енгізілуде.

Мәжіліс Қазақстан мен Сингапур ара­сындағы көрсетілетін қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісімді ратификациялады. Келісім 2023 жылғы 22 мамырда Астанада жасалған. Мақсаты – елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық­ты кеңейту. Сауда және интеграция ми­нис­трі Арман Шаққалиевтің мәлі­метін­ше, Қазақстан мен Сингапур ара­сындағы көрсетілетін қызметтер сауда­сының көлемі 2023 жылы шамамен 10 млн АҚШ долларын құраған. Бұл ретте қазақстан­дық қызмет берушілер 3,5 млн АҚШ долларына, ал сингапурлық­тар 6 млн АҚШ долларына қызмет көрсетті. Соңғы 10 жылда Сингапурдың Қазақстанға салған тікелей инвес­тиция­­сының жалпы көлемі 1,7 млрд АҚШ долларын құрады. Жұмыс то­бының жетекшісі Айтуар Қошмамбетов­тың айтуынша, құжатты ратификация­лау қазақстандық қызмет берушілерінің серіктес нарыққа қол­жетімділігі үшін жағдай жасайды. Сонымен қатар Қазақ­стан капиталының қатысуымен кәсіп­орындар құру, өзара инвестицияларды тарту және қорғауға бағытталған қосымша мүмкіндіктер қарас­тырыла­ды.

Бұдан бөлек, Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабыл­дады. Олардың қатарында ерекше қор­ға­латын табиғи аумақтарды пайда­лан­ғаны үшін төлем алу тәртібін жетілдіру мә­селелері туралы заң жобасы мен Салық кодексіне ілеспе түзетулер және бірқатар ратификациялық жоба бар. 

Жалпы отырыс соңында мәжілісмен­дер мемлекеттік органдарға өзекті әлеу­меттік-экономикалық мәселелер бо­йынша 16 депутаттық сауал жолдады. Мәселен, «AMANAT» партиясы фрак­ция­сының мүшесі Болат Керімбек Пре­мьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсен­оваға жолдаған депутаттық сауа­лында «Болашақ» бағдарламасының жайын қоз­ғады. Қазір айтылып жүрген «Бағдар­ламаны жабу керек!» деген ұсыныстарға қарсы пікір білдірген ол бір-екі адамның жағымсыз әрекетінен мыңдаған адамның жолын ашқан бірегей мемлекеттік бағдарламаны жабу дұрыс емес екенін айтады. Осы күнге дейін 12 мыңнан астам маман даярланған бұл жобаны ол керісінше дамыта түсуді ұсы­нады.

«Болашақ» бағдарламасы көптеген заң аясындағы актілермен реттелген­діктен, ол өз кезегінде құқықтық қиын­дықтар туындатуда. Сондықтан «Бола­шақ» бағдарламасының құқықтық мәр­­тебесін заң аясында Үкімет бекітуі тиіс. Соған қоса, шетелде қорғалған диссертациялардың электронды банкін жасақтау қажет. Бұл ғылыми жұмыстар­дың ашықтығын қамтамасыз етеді. Тиіс­­ті мемлекеттік орган стипен­диант­тарға ел экономикасына қажетті тақы­рып бойынша ғылыми жұмысын жазуға тапсырыс беруі қажет. Сондай-ақ оқуға құжат тапсыруды, кепілдікке қойы­латын мүліктерді тіркеуді, тіркеуден шы­ғаруды цифрландыру қажет. Бұл өз кезегінде ашықтықты қамтамасыз ете­ді», – деді ол.

Ал келесі бір депутат Нартай Арал­байұлы Ішкі істер министрі Ержан Саденовке жолдаған сауа­лында айдың-күннің аманында отқару­дан оқ атқан басбұзарлардың іс-әре­кеттерін айып­тады.

«Қазақ «біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» дейді. Өкінішке қарай, тойып секіріп, ақшаның буы ұрғандар өздерін өзгелерден биік қоятын ауруға шалдыққан. Оның емі – қатаң жаза ғана. Нақты мысалы күні кеше ғана  Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы­ның Түрген ауылында болды. Үйлену тойы­ның құрметіне серуенге шыққан­дар автомат пен тапаншадан оңды-солды оқ жаудырып, қаруды кезекпен алып, оқ атып қызық қуған. Қымбат көлік, көп ақша заңды белден басуға мүмкіндік беретін бассыздыққа әкел­меуі керек, бұл бұлжымас қағида емес пе? 

Алайда ауылдың ортасында жауған оқтан қорқып қашқан қарапайым ха­лық­ты да, тәртіп  сақшыларын да көзге ілмеген ойсыз тойшылдар құдды бір 90-жылдарда жүргендей қаруды қала­ғанынша қолданған. Онысын абырой көріп видео-фотосын әлеу­меттік желіге жүктеген. Бұл дегеніңіз тәуелсіз елдің заңын елемеудің, жазасыз қалатын­дары­на сенімді болудың көпе-көрнеу көрінісі емес пе? 

Абырой болғанда, қаңғыған оқтан жапа шеккен азамат жоқ. Бірақ үрей­ленген халықтың көңілі күпті. Себебі сіз бен біздің ата-әжеміз,  ата-анамыз, бала-шағамыз, бауырларымыз, отан­дас­­тары­мыз жүретін көшеде қызық қуып оқ жау­дыруға кім рұқсат берді? 

Тағы бір сұрақ, ойсыз оқ атқандар автомат пен тапаншаны  қайдан алған? Әлде оларға заң, құқықтық тәртіп жүр­мей ме?», – деп ашынды «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі.

Нартай Сәрсенғалиевтің айтуынша, бұл – желіккен жастардың жай ғана бұзақылығы емес, мемлекеттік тәртіп­ке, заңға ашық қарсылығы. Халықтан, елдің ішкі қауіпсіздігі мен қоғам тыныштығына жауапты құқық қорғау органдарынан еш айылын жимай, «Ал не істеп аласың?» деп дөңайбат көрсетуі. Айтпақшы, аза­мат­тардың өмірін қа­терге тігіп, ауылдың ортасында оқ атқандар бейнекамераға қарап кешірім сұрап, жазадан құтылып кетпеуі керек. Мұндай тәсілден елдің әбден ығыры шықты. 

«Қорыта келе жауапты органдарға келесі шараларды қолға алуды ұсына­мын. Біріншіден, Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын күшейтіп, түлектердің кештерінде заң­сыздық болмауы үшін рейдтер жүргізуі қажет. Прокуратура, Сот-тергеу орган­дары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ау­данының Түрген ауылында болған оқи­ғаны саралап, оған қатысы бар аза­мат­­тарға заңға сай қатаң жаза кесуі ке­­рек. Ал Ішкі істер министрлігі қара­пайым азаматтардың қолындағы қару-жараққа инвентаризация жүргізіп, олар­дың заңға сәйкес келмейтінін тәр­кі­леуі қажет. Және осы саланы реттей­тін нормативтік-құ­қықтық актілерді қатаңдату керек», – деді ол.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ