Павлодарда құрылыс бөлімі орындалмаған жұмысқа 500 миллион теңге төлеген

Оған қоса құрылыс-монтаждау жұмыстары пайдалануға беру кестесінен 5 айға кейін қалып жүргізілуде. 

Павлодар облысы Ақсу қаласында прокурорлар «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылыс бөлімі салынып жатқан объектілер үшін шамамен 500 млн теңгені негізсіз аударғанын анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, тапсырыс беруші 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды жүзеге асыратын мердігерлерге орындалмаған жұмыс түрлері үшін алдын ала төлем жасаған.

Оған қоса құрылыс-монтаждау жұмыстары пайдалануға беру кестесінен 5 айға кейін қалып жүргізілуде. 

– Қадағалау актісі бойынша Ақсу қаласының әкімдігі артық төленген бюджет қаражатын қайтару бойынша наразылық талап қою жұмыстарын жүргізуде, бүгінгі күнге мемлекетке 60 млн теңге қайтарылды.

Жол берілген бұзушылықтар үшін Ақсу қаласы әкімінің орынбасары тәртіптік жазаға тартылды, ал құрылыс бөлімінің басшысы Әдеп жөніндегі кеңеспен мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығаруға ұсынылды, – делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.