«Меломен» тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрилла Ақберген әлеуметтік желідегі парақшасында экс-күйеуі ұрған соң іскен бетін көрсетіп, видео жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Айтуынша, бір рет ұрған адам ұра береді. «Мен хайп қуатын болсам, ұрған кезінде шу шығаратын едім. Ажырасып жатқанда айқай салатын едім. Егер осы күнге дейін үндемей келсем, айтып жатқандарым өтірік деген сөз емес. Үндемегенімнің бір-ақ себебі бар – балаларым.
Оларға әке керек, әкенің жылуы мен махаббаты керек. Қыздарына әке қорғаныш болмағанда, кім болады? Осы ойлармен ат жібін мен жақтан айқай-шусыз үзіскен болатынбыз.
Осы уақыт аралығында қаншама жағдайлар болды, бірін де айтпадым, сенесіздер ме? Айтпағаным балаларымның әкесінің мықты әке болып жатқанынан емес. Менің мықтылығымнан емес. Ортадағы балалар қиналмасыншы, әке деп аңырап қалмасыншы деген ниет…
Сөйтсем, әйел деген көнгіш, сабырлы келеді екен. Қалай отбасы болған кезімізде көнсем, сосын да көніп жүре беріппін. Бірақ, ажырасқаннан кейінгі түсінген дүнием, балаларыма жай ғана «әке» деген аты емес, заты керек екен. Ай сайын тәрбиесін жүргізу керек әкені көрмедім, сол үшін ұрсыстық та… Шаршадым шыны керек.
Әйел адамға, арқа сүйер еркек керек екен. Күйеуіңнің бары не, жоғы не білінбейтін, одан ары таяқ жеп отыратын отбасы атынан садақа кетейін. Менің балаларым қан-жоса боп, мұрным сынып, көгеріп, быт-шытым шығып отырған шешесін көріп өскенін қаламадым. Өзгерер деп Аллаға да сан рет тапсырдым. Бірақ, өзгергісі келмейтін адамнан үміт күтіп не керек? Қинап өзгерте алмайтын болған соң, денсаулығым одан бетер жапа шекпей тұрып кетейін деп шештім.
Иә, тұрмысқа шығарда “отбасымды бақытты қыламын” деген ұранмен шыққам. Ажырасарда «ай мен күн жарықта жолымды табайын» деп кеттім…
Отбасымды бақытты ету менің қолымда емес екен, қыздар. Мүлдем әйелдің қолында емес екен. 5 жыл тырмысқан менен сұрасаңдаршы. Бір ұрған адам қанша жылап кешірім сұраса да ұра береді екен… Отбасымнан кешірім сұрап, өзгеремін деген соңғы сертін берген адам уәдесінде тұрмады, енді не істей аламын? Сенсең де, сенбесең де осы, сіңлім, әпкем», – деп жазды ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.