Ерлан Қошанов: Бұл – асыл қасиеттерді дәріптейтін ұлық мереке

Парламент Мәжілісінің төрағасы, «AMANAT» партиясының жетекшісі Ерлан Қошанов қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Ерлан Қошанов бұл мейірім мен шапағат, ізгілік пен адамгершілік, қайырымдылық пен жомарттық секілді асыл қасиеттерді дәріптейтін ұлық мереке екенін айтты, – деп хабарлайды Aykyn.kz.

"Ардақты ағайын!

Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін қастерлі Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – мейірім мен шапағат, ізгілік пен адамгершілік, қайырымдылық пен жомарттық секілді асыл қасиеттерді дәріптейтін ұлық мереке.

Осы күндері жасалатын сауапты істер, адамдардың бір-біріне жанашырлығы мен шынайы көңілі халқымыздың бірлігі мен ынтымағын арттыра түседі.

Асыл дініміз бен ата дәстүріміздің ажырамас бөлігіне айналған осы құндылықтар қоғамның да рухани-адамгершілік негізін нығайтуға қызмет ете беретіні сөзсіз.

Айтулы мейрамға орай шалған құрбандықтарыңыз, тілеген дұға-ниеттеріңіз қабыл болсын!

Айттан айтқа аман-есен жете берейік", – делінген құттықтау хатта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.