Әнші Алтынай Жорабаева Құран оқылатын жерде мобилограф ертіп жүретін әріптестеріне ренішін білдірді

Өнер иесі бұл әрекет сырттай ерсі көрінетінін айтып, шектен шықпауды сұрады.

Әнші Алтынай Жорабаева мобилограф ертіп жүретін әріптестеріне ренішін білдірді, - деп хабарлайды  Aikyn.kz. 

Өнер иесі бұл әрекет сырттай ерсі көрінетінін айтып, шектен шықпауды сұрады.

"Мобилографпен жүретін жандар! Қатты шектен шықпаңыздаршы, өтініш. Құран оқитын жер болсын, тіпті той болсын. Қонаққа барып отырсаң амандасқанына дейін, сыйлық бергеніне дейін түсіріп, жаман көрінеді, рас айтамын. Инстаға салғанда халыққа білінбейді. Бірақ сіздер солай мобилографыңызбен кіріп келгеніңіз сырттан жаман көрінеді. Бәрі тек көрсету үшін екені сырттан жаман көрінеді. Жарайды, жұмысыңызды, өнеріңізді жасаңыз. Тіпті, блогерлердің іс-шарасы болса да мейлі. Бірақ шектен шықпаңыздаршы. Артық айтсам, кешірім сұраймын", - деп жазды әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.