Алматыда университет маңындағы субұрқақ жанынан жігіт өлі табылды

Алдын ала мәлімет бойынша, жігіттің жүрегі тоқтап қалған.

Алматыда университет маңындағы субұрқақ жанынан жігіт өлі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға ҚазҰУ аумағындағы субұрқақ маңында болған. БАҚ мәліметінше, марқұм жігіт университет студенті емес. 

Алдын ала мәлімет бойынша, жігіттің жүрегі тоқтап қалған. 

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"Тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", – дейді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.