Кәсіпкерлер жеңілдікпен несие ала алады

Агроөнеркәсіптік кешеннің 12 басым бағыты бойынша 2,5% жеңілдікпен бюджеттік несие алуға болады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру, жаңа өндірістік қуаттарды құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту, саланың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы жобаларды несиелендіру ережесіне өзгерістер енгізу туралы бұйрық қабылдады», – делінген хабарламада.

Өзгерістер 12 бағыт бойынша жобаларды жеңілдікпен қаржылан­дыруды қамтиды.

Олардың қатарында сүт-тауар фермаларын, ет бағытындағы құс фабрикаларын, ет шаруашылығы кәсіпорындарын, көкөніс қойма­ларын құру жобалары бар.

Сондай-ақ қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын пайда­лана отырып, суармалы егіншілікті дамыту, өнеркәсіптік жылыжай кешендері, жеміс қоймалары, балық шаруашылығы, балық өңдеу зауыттары, құс шаруашылығындағы асылтұқымды репродукторлары, ауыл шаруашылығы өнімдерін одан әрі терең өңдеу және сақтау кәсіп­орындары, оның ішінде жүн және тері, қаптама материалдарын өндіру салалары да мемлекеттік қолдауға ие болады.

Кәсіпкерлер 10 жылға дейін 2,5 пайыздық жеңілдікпен несие қара­жатын пайдалана отырып, өз жоба­ларын жүзеге асыра алады. Несиенің ең жоғары сомасы 5 млрд теңгеге дейін.