Перзентінің ауыртпалығымен сынамасын: Қайрат Нұртастың анасы әсерлі жазба жариялады

Ол ананың балаға деген махаббаты туралы сыр шертіп, ойын бөліскен.

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде әсерлі жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Автор анасы мен баласының арасындағы ерекше байланыс туралы әңгімелеген.

"Әрбір ананың  өз баласына деген махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Себебі ол сенің 62 тамырыңды жарып шыққан перзентің, өміріңнің жалғасы! Сол себепті де ешбір ананы Алла перзентінің ауыртпалығымен сынамасын! Өмірімнің бір бөлшегі менің оқырмандарым, әсіресе аналар, көз жастарыңыз тек қуаныштан болсын", – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.