Бірнеше өңірде күн ысиды: 21 маусымға арналған ауа райы болжамы

Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» 21 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ел аумағының басым бөлігінде  атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы әлі де құбылмалы болады. Соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Күндіз республиканың солтүстігінде, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда нөсер жаңбыр, солтүстікте бұршақ жауады, сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді. Тек шығыста, солтүстік-батыста ғана күн жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Күндіз Атырау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының батысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Ұлытау облысының батысында, орталығында қатты ыстық болады, Абай, Жетісу облыстарында қатты ыстық болады. 

Ақтөбе, Алматы облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, Павлодар облысының шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Атырау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.