Жаңбыр, бұршақ, жел: 22 маусымға ауа райы болжамы жарияланды

Күндіз Абай, Жетісу, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Ұлытау облысының батысында, орталығында қатты ыстық сақталады.

Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 22 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталуда, атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, күндіз елдің батысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, батыста, солтүстікте бұршақ жауады, сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді деп күтілуде. Тек шығыста, орталықта ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Күндіз Абай, Жетісу, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Ұлытау облысының батысында, орталығында қатты ыстық сақталады.

Ақтөбе, Алматы облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, Павлодар облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.