Ақтау мен Жаңаөзеннің арасында ірі жол апаты болды, адам шығыны бар

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қайғылы жағдай Жаңаөзен қаласына таяу маңдағы жолдың ұшақ қонатын аумағында тіркелген.

Жаңаөзен мен Ақтау арасындағы тасжолда жол апаты болып, адам өлімі тіркелді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған суреттерде оқиға кезінде Lexus GS300 көлігінің жол ортасын бөліп тұрған темір жиекке қатты жылдамдықпен соғылғанын аңғаруға болады.

Сонымен бірге көлікте болған екі адамның қозғалыссыз жатқаны анық байқалады.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды. Полицейлер жүргізушілерді жол ережесін сақтап, жолда абай болуға шақырды.