Астанадағы тұрғын үй кешеніндегі өрттің алдын ала себебі анықталды

ТЖМ баспасөз қызметі мәліметінше, өрт кеше 250 шаршы метр алаңда ауыздықталған.

Өрт кезінде өртсөндірушілердің күшімен 12 адам эвакуацияланды, оның ішінде жетеуі – бала. 2 адам құтқарылды, оның ішінде біреуі  – бала,  – деп жазады Aikyn.kz.

"Өрттің алдын ала себебі: отпен жұмыс істеу немесе оттың аз калориялы көздері. 2-қабаттан 27-қабатқа дейін тұрғын үй кешенінің сыртқы қаптамасы мен жылытқышы жанды", – деп жазылған хабарламада.

Өртті сөндіруге 20 техника мен ҚР ТЖМ 91 құтқарушысы жұмылдырылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Астанада "Хан Шатыр" ауданындағы ғимараттан өрт шыққаны хабарланды. Кешке жақын өрт сөндірілді.