Павлодар облысында көлік өртеніп кетті

Төтенше оқиға бүгін таңертең болған.

Павлодар облысында жеңіл автокөлік отқа оранды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін таңертең Екібастұз қаласына жақын «Қызылорда-Павлодар» автожолында жеңіл көлік жанып кетті. ТЖМ күштері шақырту түскен сәттен бастап 32 минут ішінде жалынды жойды. Зардап шеккендер жоқ, - деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

"Жол көлігінде төтенше жағдай болған жағдайда 112 номеріне хабарласыңыз!" – деп еске салды ведомство.

Қарағанды облысында қоқыс полигоны өртенді (ВИДЕО). Ақтөбе облысында жүк көлігі түгі қалмай жанып кетті.