«Қайдан келемін? Қайда барамын?»: Жұлдыз Әбдікәрімова оқырманды ойландырып қойды

Ол ауруханада жатып көп ойланғанын жеткізді.

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында өмір жайлы жазба жариялады, - деп хабарлайды  Aikyn.kz.    

Ол ауруханада жатып көп ойланғанын жеткізді.

"Білесіз бе?… Ауруханада жатып, көп ойландым.  Мен кіммін? Нендей тірлік етіп жүрмін? Қайдан келемін? Қайда барамын? Ата-анама қандай перзентпін? Балаларыма қандай анамын? Өзге тұрмақ, өзімнің мыңдаған сұрағыма толық жауап бере алмадым. Бір түсінгенім, мендегі күш күлімсіреу екен. Қандай сынақ келсе де, батпандай әділетсіздік көрсем де үн қатпау, топырақ шашпау, бет жыртыспау, ақталмау! Жаратқанға әр әрекетім үшін жауабым, жиған сауабым, ізгі амалым бар ма? Мен үшін сұрақтардың ең маңыздысы осы екен. Дүниеде ең оңайы ақыл айту емес пе?! Ал менің таңдауым үнсіздік екен", - деп жазды актриса.

Желі қолданушылары оған қолдау білдіріп, түрлі пікір қалдырған.

"Ең бастысы, ата-ананың қарапайым тәрбиесін бойына сіңірген перзентсің, ата-анаңа алғыс, сендей ақылды, білімді, көрікті, әдемі, мәдениетті, тәрбиелі қызды дүниеге әкелген", "Жұлдыз сөйлесе баяғыда сұхбат, подкаст, тиктоктың жұлдызы болар еді. Бірақ ол жай ғана бақытты, балаларына үлгілі ана болуды таңдады", - деп жазды олар.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.