Бұршақ, жаңбыр, күшті жел: 24 маусымға арналған ауа райы болжамы

Бүгін ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" синоптиктері 24 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ресми мәліметке қарағанда, ел аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың өтуі әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 

Синоптиктердің мәліметінше, күндізгі уақытта республиканың оңтүстік-шығысының таулы аумақтарында қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ ел бойынша жел күшейіп, дауыл, бұршақ күтіледі.

Сонымен қатар Абай, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Ақтөбе, Алматы облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Ақмола облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының шығысында, орталығында, Атырау облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады, Батыс Қазақстан облысының шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Атырау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облысында, Алматы облысының солтүстік жартысында, Ұлытау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде және Абай облысында, Жетісу облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.