"Бұл өте нашар сезім": "Меломеннің" солисі Ғабиттің бұрынғы әйелі әншінің алғаш қол көтерген кезін еске алды

Әншінің бұрынғы әйелі ол кезде жүкті болғанын жеткізді.

"Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрилла Ақберген "Kozqaras podcast-қа" берген сұхбатында экс-күйеуінің алғаш қол көтерген кезі туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Әншінің бұрынғы әйелі ол кезде жүкті болғанын жеткізді.

"Ұру жағына келетін болсақ, бірінші баламды босанғаннан кейін болды, балам 1 жасқа толмаған еді, мен екінші сәбиіме жүкті болдым. Сол кезде мені лақтырып жібергені есімде. Нақты есімде де жоқ екен, лақтырды ма, итерді ме. Менің есімде тіпті сол кезде неліктен ұрсысқанымыз да жоқ. Мидың айналып қалатыны соншалық, ұрыстың неден басталғанын білмей қаласың. Жағдайды айналдырып жібереді, ұрғанына өзіңді кінәлі сезініп отырасың. Негізі жәбірленуші кінәлі емес, бірақ сен өзіңді кінәлайсың. Бұл өте нашар сезім", – деді ол.