Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 1 маусымдағы қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты жариялады. Қор еліміздегі ең жоғары зейнетақы мөлшерін атады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қордың деректері бойынша, салымшылардың (алушылардың) жеке және шартты шоттарында 19,2 триллион теңге жинақталып, 5 айда 1,4 триллион теңгеге (немесе 7,7 пайызға) ұлғайды. Зейнетақы жинақтарының жылдық өсімі 3,4 триллион теңгеден асты (21,5 пайыз).
Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты ЖЗҚ-дан төленетін орташа зейнетақы мөлшері – 33 921 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 945 752 теңгені құрады.
Айта кетейік, БЖЗҚ Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшерін мамыр айында да айтқан. Сол кезде ең жоғары сома 945 752 теңге еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.