"Қазгидромет" РМК 25-27 маусымға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алдағы үш күнде Иран аймақтарынан Қазақстан аумағына жылы ауа массалары келеді. 25-26 маусымда Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарында жаңбыр жауады, кей аймақтарда қатты жаңбыр күтіледі.
Ал 27 маусымда республиканың солтүстігінде күн ыстық болмақ. Қазақстанның солтүстігінде күндіз ауа температурасы +35... +38 градусқа дейін көтерілсе, оңтүстігінде +40...+46 градусқа дейін жетіп, күн аптап болады деп күтіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.