Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері бойынша өңірлік кеңестің отырысы өтті.

Жиынның күн тәртібінде «Өркен-КШТ» индустриялық аймағының құрылыс барысы туралы мәселе бойынша 15 мамырдағы «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Саяси кеңесі бюросының қаулы­сының орындалу барысы және Құрғақшылыққа қарсы іс-қимыл шегірткемен күресу бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша тиісті басқармалардың ақпараттары тыңдалды.

«Бүгінгі отырыста көтерілген мәселелер бойынша нақты жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асыру керек. Қоғамдық кеңес тарапынан айтылған ұсыныстарды ескерсеңіздер. Тоқсан сайын бас қосып ауыл шаруашылығы мен кәсіп­керлікке қатысты өзекті мәселелерді талқылаған отырыс­тардың нәтижелері болуы керек деп есептеймін», – деді қоғамдық кеңестің төрағасы Зоя Новолодская. 

Сонымен қатар жиын барысында кеңес мүшелері көк­темгі дала науқанының нәтижелері мен ауыл шаруашы­лығы өндірушілері үшін субсидиялаудың жаңа қағидаларына қатысты мәселелерді де талқылады.

Н.ҚОСАЙ