Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева журналист Ақбаян Сапарбаеваға берген сұхбатында денсаулығы туралы айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол жақында түсініксіз аурумен ауырғанын атап өтті.
"Бір түсініксіз ауру болды. Дәрігерлер жаман ауру деді. Басымның артқы жағынан түйін шықты, екінші бас сияқты болып тұрды. Ол уақытта түсірілімде жүрдім. Басым ауыра бастағанда бірден үзіліс алып, үйден шықпай жаттым. Мен көпке көрсетіп, жылап, одан хайп жинағанды жақтырмаймын. Бірақ қатты уайымдадым, өйткені маған дәрігерлер "өлесің" деді. "Болды, өлесіз, құлақтың артынан бірнәрселер жиналған" деп әбден қорқытты. Бірақ Аллаға шүкір, нейрохирург Асқар деген досым бар. Күн демей, түн демей, кез келген уақытта көмектесетін достарымның қатарында. Өзі арнайы Алматыға ұшып келіп, қарап, бір жетіде емдеп шықты. Ешқандай ота жасамады. Ауруды дұрыстап түсіндіре алмаймын, оны дәрігерлердің тілімен айту керек. Бірақ қазір жағдайым жақсы. Бір жетіде жазылып, қайта түсірілімге шықтым", - дейді актриса.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.