Астанада Сарыарқа және Бөгенбай батыр даңғылының қиылысы уақытша жабылады

Жөндеу жұмысына байланысты, осы жылдың 28-30 маусым аралығында жоғарыда аталған қиылыс ішінара жабылады.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа даңғылы мен Бөгенбай батыр даңғылының қиылысында жол төсемінің жоғары қабатын төсеу бойынша жұмыс жүргізеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Елорда әкімдігінің мәліметінше, жөндеу жұмысына байланысты, осы жылдың 28-30 маусым аралығында жоғарыда аталған қиылыс ішінара жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.