13 шілдеде жыл нокаутын көрсетемін: Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында сенімді хабарлама жасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы жеңіске жететініне сенімді.

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасар алдында сенімді хабарлама жасады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық қарсыласы Андрей Михайловичке қарсы өтетін жекпе-жек алдында жаттығу залынан суретімен бөлісті. 

"Менен тек чемпиондардың қорыққанын қаламаймын. Рейтингтегі бірінші және екінші нөмірлер де менен қорыққанын қалаймын. 13 шілдеде жыл нокаутын көрсетемін", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Былғары қолғап шеберлерінің текетіресі 13 шілдеде (Қазақстанда 14 шілде күні таңертең) Лас-Вегастағы Palms Casino Resort кешенінде өтеді.

Айта кетейік, Жәнібек бұл кездесуде орта салмақта IBF және WBO белбеулерін қорғайды.