Астана күнінде қазақстандықтар қалай демалады?

Шілде айында кәсіби және басқа да мерекелер бар.

2024 жылы 6 шілде, яғни Астана күні  мемлекеттік мереке, сенбіге сәйкес келеді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Олай болса, демалыс күнін дүйсенбіге ауыстыру арқылы қосымша 1 демалыс және қысқартылған жұмыс аптасын береді. Бірақ бұл өзгеріс алты күн  жұмыс істейтіндерге қатысты емес,  деп хабарлайды Almaty.tv.

Осылайша, бес күндік жұмыс істейтіндер үшін: 6, 7 және 8 шілде демалыс күндері, бірақ алты күндік жұмыс үшін 8 шілде  жұмыс күні саналады.

Сонымен қатар  осы айда кәсіби және басқа да мерекелер бар. Жұмыс күніне қарамастан, атаулы датаға қатысы барлар бұл күнді атап өтіп, бірін-бірі құттықтайды.

Кәсіби мерекелердің тізбесі жаңа редакцияда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 17.11.2023 жылғы №480 бұйрығымен, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

2 шілде  Дипломатиялық қызмет күні;

7 шілде (шілденің бірінші жексенбісі)  Ұлттық домбыра күні;

9 шілде  Су шаруашылығы қызметкерлері күні;

13 шілде  Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні;

14 шілде нотариат күні;

14 шілде (шілденің екінші жексенбісі) балық шаруашылығы қызметкерлері күні;

21 шілде (шілденің үшінші жексенбісі)  Металлург күні;

28 шілде (шілденің төртінші жексенбісі)  сауда қызметкерлері күні.