Елордада сауда контейнерлері өртке оранды

Олардың ішінде көліктің қосалқы бөлшектері болған

Астаналық өрт сөндірушілер контейнерлердегі отты сөндірді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін Сарыарқа ауданында сауда-кеңсе орталығының аумағында 40 тонналық металл контейнердің ішіндегі автокөліктің қосалқы бөлшектері жанды, - деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

"ТЖМ күштері жалынды толығымен жойды. Зардап шеккендер жоқ", – деп толықтырды ведомство.

Төтенше жағдай болған жағдайда 101 немесе 112 телефондарына хабарласыңыздар, - деп ескертті құтқарушылар.

Өскемен қаласында алып қойма өртенді. Павлодар облысында көлік жанып кетті.